Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сонау Сталиннің тірі кезінен бастаған...

Сонау Сталиннің тірі кезінен бастаған...

Қалалық комитеттің жиналысында ма, әлде сол кездегі қалалық атқару комитетінде ме, қысқасы әркім мұң-мұқтажын айтатын бір жиналыста жұрттың бәрі айтатындарын айтып жатады. Бір кезде Қалағаң да ел қатарлы сөз сұрап төрге озады. Сондағы Қалағаңның айтқан сөзі мынау болады:
 – Мына біздің Қажытайдың үйі жоқ. Сол үйім жоқ деп арыз жазғалы да бәленбай жыл болды. Ол үй сұрап арыз жазуды сонау Сталиннің тірі кезінен бастаған, – депті де мінберден түсіп жүре беріпті. Сөз сұрап бар айтқаны сол болады. Қалағаң қайтып келіп орнына отырғанынша ел қыран-топан күлкіге көміледі. «Соның нәтижесі ақырында осы Қажытайға үй болып оралған болатын», – дейді соны естіген бір мырза.
«Қалтайдың қалжыңдары» кітабынан
26 қаңтар 2020 ж. 628 0