Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Күн бұлт болса, жаңбыр жауады

Күн бұлт болса, жаңбыр жауады

Қалағаң құрдасымен бір жерге бармақ болып, жеңіл машина күтеді. Онысы жуық арада келмей қояды. Құрдасы болса оған мән бермей:
– Қазір автобус келеді, соған жайласып отырамыз да, бірден жетіп барамыз, – деп шыдамсызданған Қалағаңды жұбатады. Сонда Қалағаң:
– Сенің сөзің де біздің бір пәлсапашы ақынымыздың ойларындай болды-ау, – дегенде, қасындағы құрдасы бір мырс етіп:
 – Ол не деп еді? – дейді.
Қалағаң: – Ол кісі күн бұлт болса жаңбыр жауады, жаңбыр жауса қолшатыр ұстау керек. Қолшатыр ұстамасаң үстің су болады дегендей ғой, – депті көңілсіз самарқау.


«Қалтайдың қалжыңдары» кітабынан
26 қаңтар 2020 ж. 767 0