Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жарияланды

Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялады

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын, делінген мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта, – деп хабарлайды sputniknews.kz

Мораторий қандай бизнеске жарияланбайды

Халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңда көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;

Өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстанның қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер; Президенттің және бас прокурордың тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері; кедендік тексерулер;

Қарсы салықтық тексерулер; салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу;

Қазақстанның сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру және профилактикалық бақылауды барып жүргізу; жер қойнауын пайдаланушылар.

Атап өтсек, осы Жарлық шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін 2019 жылы басталған тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге қолданылмайды.




27 желтоқсан 2019 ж. 627 0