Мейірім жасы қандай болады?

— О, Аллаһ Елшісі, осыншама жылауға бола ма? Бұл Аллаһқа қарсылық емес пе? — деді таңғала.
— Бұл жас - Аллаһтың бұйрығына қарсылықтың жасы емес, бауыр етім-балама жанашырлық пен сүйіспеншілік жасы. Аллаһ бізге қайғының үстінде жоқтау айтып, киім жыртуға тыйым салған, — деді Пайғамбар с.ғ.с. Содан сон ол Ибраһимнің жанына отырды да:
— Балам, сенің бізді тастап бара жатқаның — орны толмас ауыр қайғы. Жанарымыз жасқа толып, жүрегіміз езіліп жатыр, бірақ біз Аллаһтың белгілеген тағдырына қарсы ештеңе демейміз, - деді. Сәлден кейін сүйікті сәби көз жұмды.
Авторы: Пернегүл Үсенова