Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОРАЗАНЫ ҚАЛДЫРУҒА БОЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР:

ОРАЗАНЫ ҚАЛДЫРУҒА БОЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР:


1) Науқас (ауру) адам 

Аллаһ Тағала былай деді: «Ал біреу науқас, не сапарда болса, басқа күндерде оразасының санын толтырсын» (әл-Бақара 2: 185). 
Науқас адамға ораза ұстау қиын болса немесе ораза оның ауруынан тез жазылып кетуіне кедергі болса, ол оразасын тоқтатады. «Ораза ұстауды қалдыру үшін аурудың ауырлығы қандай болуы керек?» деген мәселеде ғалымдардың пікірі әртүрлі болған. Кейбір ғалымдар: «Ауру атауының барлығы оразаны қалдыруға рұқсат етеді», - деген. Осы орайда олар Аллаһ Тағаланың сөздеріне сүйенген, ал Ол аурудың ауырлығын нақтыламады әрі: «Ал біреу науқас.....болса», - деді. Алайда егер ауру қиындықтар туғызбаса әрі, мысалы, кішігірім тұмау, аллергия сияқты адамды әлсіретпесе, онда ол ораза ұстауы әрі оны тастамауға тиісті. (Қз.: “Сахих фиқһу-Сунна” 2/119). 

2) Сапарда жүрген адам (мусафир) 

Сапардағы адамға үмметтің бірауызды келісілген пікіріне (әл-ижма`) сәйкес аузын ашуға рұқсат етіледі, әрі бұл оның ағзасының жағдайына немесе сапардың қиын, не жеңіл болуына байланысты емес. Яғни тіпті оның жолы жеңіл және қиындықсыз болса да, оған ораза ұстамауға және намаздарын қысқартып оқуға рұқсат етілген. (Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 25/210). 
Сапарға шыққан адам ораза ұстаса да, ұстамаса да болады. Бұған Әнастың: “Біз Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге жиі сапарда болатынбыз, әрі ораза ұстаушы адам ораза ұстамаған адамды, ал ораза ұстамаған адам ораза ұстаған адамды сөкпейтін”, - деген сөздері нұсқайды. (Әл-Бухари 1947). 

3) Қарт адам 

Ибн ‘Аббас (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: “Ораза ұстауға шамасы келмейтін қарт ер мен әйелеге ораза ұстамауға және оны өтемеуге рұқсат етілді, бірақ жіберілген әрбір күні үшін бір кедейден тамақтандыру бұйырылды”. (Әл-Бухари 7/179, әд-Дарақутни 2/205). 
Бұл сондай-ақ жазылып кетуге үміттенбейтін науқастарға да қатысты. Имам Ибн Қудама былай деген: “Жазылып кетуге үміті жоқ науқас ораза ұстамайды және әрбір (ораза ұстамаған) күні үшін бір кедейді тамақтандырады, әрі осыда ол қарт адамға тең етіледі”. (Қз.: “әл-Муғни” 4/396). 

4) Жүкті әйел 

5) Емізулі әйел 

Әнастан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ сапардағыларды оразаның аурпалығынан және намаздың жартысынан, ал жүкті және емізулі әйелдерді оразаның ауырпалығынан босатты». (Әт-Тирмизи 715, Абу Дауд 2408, ән-Нәсаи 2277. Имам Абу Иса әт-Тирмизи хадисті хасан деді, ал шейх әл-Әлбани оны сахих деп атады). 
Жүкті және емізулі әйелдер өзі немесе баласы үшін қауіп сезінсе, оразасын тоқтата алады. Алайда егер олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады, өйткені Аллаһ Тағала: «... ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!» (әл-Бақара 2: 183). 
Имам Ибн ‘Ақиль былай деген: “Егер жүкті және емізулі әйелдер жатырындағы нәресте және баласы үшін қауіптенсе, онда олар ораза ұстамаулары керек, ал егер олар қауіптенбесе, онда оларға ораза ұстамауға тыйым салынады!” (Қз.: “әл-Инсаф” 7/382). 

6) Ақылдан азған адам 

7) Жас бала 

‘Аишадан, ‘Алиден, Саубаннан және басқа да сахабалардан (Аллаһ оларға разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «(Жаман істерді жазатын періштенің) қаламы үшеуден көтерілген (жазбайды): баладан, ол кәмелетке толғанша; ұйқыдағы адамнан, ол ұйқысынан оянғанша; және ақылдан азғаннан, ол ақыл-есін жинағанша». (Ахмад 1/104, Абу Дауд 4398 және 4402, ән-Нәсаи 3432, Ибн Мәжаһ 2041, әд-Дарими 2296, Ибн әл-Жәруд, әл-Бәйһақи 6/57, әл-Бәззар 1540. Бұл хадистің сахихтығын Ахмад, әл-Бухари, Ибн Хузайма, Ибн әл-Жәруд, Ибн Хиббан, Ибн әл-Мунзир, әл-Хаким, әз-Зәһаби, Ибн Хазм, Абу Бакр ибн әл-Араби, Ибн Тәймийя, Ахмад Шакир, әл-Әлбани сынды имамдар растаған). 

8) Денсаулығы үшін қауіптенетін адам 

Егер адамды қатты шөл немесе қатты аштық қысса әрі ол өліп қалатынынан немесе денсаулығымен бір салмақты нәрсе орын алуынан қауіптенсе, онда ол оразасын тоқтатып, оны кейінірек өтесе болады, өйткені өз өміріңді сақтау - парыз. (Қз.: “Әл-Мухаллә” 6/228, “Қауанинуль-фиқһия” 82). 
Аллаһ Тағала былай деген: «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер, Аллаһ сендерге мейірімді ғой» (ән-Ниса 4: 29). 

9) Етеккірі келген әйел 

10) Босанғаннан кейінгі қаны келіп жатқан әйел 

Етеккірі келген немесе босанғаннан кейінгі қаны келіп жатқан әйелдер, жоғарыда аталған санаттағы адамдардан ерекше, жай ораза ұстамаса да болады емес, оларға мұндай жағдайда ораза ұстауға тыйым салынады, бұл туралы ғалымдар бірауызды келісімде болған. (Қз.: «әл-Мәжму’» 6/259). 
«Етеккірі келген әйелдер ораза ұстамаулары» керек дегенге әйелдердің «Дініміздің кемшілігі неде?» деп қойған сұрағына Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Етеккірі басталған әйел намаз оқуын және ораза ұстауын доғармайды ма?», - деп жауап бергені туралы айтылатын хадис дәлел болады. (Әл-Бухари 304, Муслим 2/132).
10 сәуір 2018 ж. 1 662 0