Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайдың рухани құндылығы қазына

Абайдың рухани құндылығы қазына

Абай Құнанбайұлына жыр арнап, өлең шығармаған адам аз болар. Келесі жылы ақынның 175 жылдығын кең көлемде атап өтуді мемлекет басшысы нақты тапсырған болатын. Бұл жөнінде арнайы комиссияда да құрылды.
Ұлт болашағын тәрбиелеп жатқан ұстаз ретінде ақынға арналған арнайы іс-шара жоспарына сәйкес бұрнағы күні Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицей базасында “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе” тақырыбында руханитағлымды шара өтті. Басты мақсат – Абайдың асыл, тәрбиелік сөздері арқылы бала бойына рухани нәр құю болатын. Біліктілігі жоғары, бастауыш сынып мұғалімдері Қ.Әмзеева, М.Есімсейітова, Э.Тобаевалар ұйымдастырған бұл кеш бес бөлімнен тұрды. Алғашқысында балаларға Абай Құнанбайұлы туралы ақпарат берілсе, екінші бөлімде ақынның жыр-шумақтарынан өлеңдер оқылды. “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” шығармасын өз нақышында оқыған Н.Ерланқызы көрермен көңілінен шықты. Абай өлеңдерінің тілі көркемдіктің ең жоғары дәрежесіне айналған. Ақын шығармасында айрықша жырлаған табиғат туралы өлеңдерін оқушылар өз биігінде жеткізді. Келесі бөлімде Пушкин мен Лермотовтан аударған шығармалар оқылса, кейін ақынның қара сөздеріне тоқталды.
Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – қара сөздері. Көркем шығарма түрінде емес, өмір сабақтары туралы ойларын, одан туындайтын даналық, философиялық түйіндерін жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған өсиет сөздерін 4 сынып оқушылары М.Маханбетжанов, Ж.Жақсыбек, Д.Абдулла өз нақышында орындады.
Соңғы бөлімде Абай әндері шырқалды. Ақын ғана емес сазгер ретінде үш күйі бар ұлы адамның бүгінге дейін жеткен “Көзімнің қарасы”, “Желсіз түнде жарық ай” және “Өзгеге көңілім тоярсың” әндерін халық ықыласына бөленген туындылар.
Абай – мың қырлы, мың тәлімі бар ақын десек, бүгін сол даралықтың бір ғана парасын көрсете алдық. М.Әуезовтің өзі Абай дариясының тек бетін қалқыдым деген. Расында да ұлы адам туралы рухани кеш өткізіп, қанша уақыт арнасақта ақынның шығармасы бітпек емес. Бүкіл қазақ даласына өшпеш із қалдырған Ұлы Абайды насихаттауды еш тоқтатпақ емеспіз.

Айнұр СӘДУОВА,
№37 мектеп-лицей директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары
29 желтоқсан 2019 ж. 752 0