Өркениетті ел – сыбайлас жемқорлықсыз ел
«Жемқорлық - індет, оны жою міндет». Жемқорлықпен күрес әр саналы адамның ісі болуы тиіс. Әр адам өзінің мінсіз, адал іс-әрекетімен қоғамымыздың өркендеп дамуына үлесін қосқан жағдайда, мемлекет алдында тұрған мақсат – ең озық дамыған елдің қатарына қосылу кезеңіне жету уақыты да жақындар еді. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алған күндерден бастап, сыбайлас жемқорлықпен күрес өзектілігін жойған емес. Қаншама бағдарламалар іске асырылып, нәтижесін беруде.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес отбасынан басталуы тиіс. Себебі, отбасы - шағын мемлекет. Одан ұрпақтың өмірге көзқарасы, өмір жолын таңдауы қалыптасады. Отбасылық тәрбиенің адам баласының саналы қалыптасуына маңызы зор. Ұяңда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің,- демекші, сәби бала өзіне ең жақын адам - ата-анасына, білім ордасында жүріп оқушы - білімді ұстазға, еңбек ортасында жүрген жас маман - білікті маманға ұқсағысы келетіні ақиқат. Демек, адамның даму кезеңіне тиісінше жүрген ортасының тәрбиелік мәні зор. Адалдық, әдептілік, парасаттылық, мәдениеттілік, сыпайылық, қарапайымдылық, сатылмаушылық – адам бойындағы құндылықтар. Тазалық, ар тазалығы – берекелі отбасы, уайымсыз күндер, нәтижелі еңбек, тыныш ұйқы. Жетістікке таза еңбекпен жету - үлкен бақыт. Осы құндылықтарды өз ортамызда дәріптей білсек, жемқорлықсыз қоғам құруға өз үлесімізді қосқан болар едік.
Қазақстан көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдында әлі талай міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
ҚР Президентті Қ.К.Тоқаев мемлекетіміздің тағдыры үшін айтылған Жолдауында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметшінің ары да жаны да таза, сауатты және білікті болуы тиіс». Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің аулақ болғаны жөн. Бүгінгі жұмыс - болашақтың кепілі. Мемлекетіміздің болашағында да Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.
Сырдария аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы, А.Маханбеталиев