Министрлік тарапынан құрмет көрсетілді

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған ауыл әйелдерінің республикалық форумына Сыр өңірінен 17 делегат қатысқан. Қатысушыларға тәжірибе алмасып, атқарып жатқан жұмыстарын жандандыру, заман талабына сай жетілдіру бағытында пікірлесуге барлық мүмкіндік жасалған.
Форум жұмысына қатысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлейменова мен мәжілісмен Майра Айсина мемлекет тарапынан әйелдердің білім алуына, жұмыс жасауына және жақсы жетістіктерді бағындыруына барлық жағдай жасалып жатқанын айтты. Сондай-ақ шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын әйелдерге қолдау көрсету, олардың әлеуметтік көмектерді кедергісіз алуын бақылауда ұстау, мұң-мұқтаждықтарын шешу секілді бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады.
Өз кезегінде Асқар Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны Роза Төлепова Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ