Ауданда қанша адам тұрақты жұмысқа орналасты?

Қазіргі таңда сан мыңдаған адамның күнкөріс қамы үшін үздіксіз еңбекке араласуы әлеуметтік ахуалға ықпал етуде. Бұл тұста жергілікті жерлерде жұмыссыздық мәселесін түбегейлі жою міндеті тұр. Осыған орай жергілікті жұмыспен қамту орталығының тікелей құзырына бос жұмыс орындарға арналған жәрмеңкені тұрақты түрде өткізу кіреді. Онда жұмыссыздықты болдырмаудың жылдық межесі бекітіліп, тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады. Осыған байланысты аудандық жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 121 жұмыс берушіден 278 сұраныс түсіп, 9 рет ұйымдастырылған жәрмеңкеге 416 азамат қатысқан. Нәтижесінде 266 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал электронды еңбек биржасы арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандар – 54 адамды құрайды. Маусымдық жұмысқа тартылғандар саны – 151 адам.
Қарапайым отбасына табыс көзі кіріп, тұрмыстық жағдайы жақсарғаны қуантады. Олардың әлеуметтік ахуалы түзеліп, шаңырақтағы қиындықты еңсеруі еңсесін тіктеуге мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сүйенсек 266 адамның отбасында күнкөріс деңгейі жоғарылады деген сөз. Олар қоғам өміріне белсене араласып, өз еңбегімен тиісінше табыс табуда. Тұрмыстық ахуалдың төмендеуі түрлі факторда отбасы мүшелеріне әсер етеді. Бұл ретте жекелеген азаматтың тұрақты жұмыс жасауы жанұяның ырысы мен ынтымағының артуына сеп.
Б.ОРДАБЕКОВ