Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Оқушыны бағалаудың жаңа жүйесі түсіндірілді

Оқушыны бағалаудың жаңа жүйесі түсіндірілді

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде "Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі мен маңызы" тақырыбымен облыстық оқу орталығының жалпы орта білім беру ұйымы бөлімінің басшысы Г.Смағұлова, ПШО филиалы директоры С.Камалова мен тренерлер мектеп директорлары, пән мұғалімдері және ауданның ата-аналарымен кездесу өткізді.

Облыстан құрылған жұмысшы топ сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың жұмысын жүзеге асыру ерекшеліктерін, қалыптастырушы бағалау барысындағы тиімді кері байланыс, бөлім мен жиынтық бағалау және оны жүргізу үдерісін ұйымдастыру жолдарын, ата-аналарға критериалды бағалаудың жұмысты жандандырудың тәсілдерін түсіндіріп, көрсетті.

Ата-аналар критериалды бағалаудың негізгі пайдасы – оқушылар бағаның соңына түспей, оқу мақсатына қол жеткізуге, білім алуға ұмтылатындығын, сонымен қатар, жаңа жүйе бағалау процесі ашық, әрі объективті қойылатындығына көздері жетті. Аталған жүйеге оң баға беріп, қолдау көрсетті.

Кездесу соңында ата-аналар ұсыныс-пікірлерін айтып, олармен сауалнама жүргізілді.

Б.ЖАНӘЛІ

15 қараша 2019 ж. 609 0