Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау

Жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау


Жануарлармен тығыз көршілестікте өмір сүріп, біз тәуекелге бел буамыз. Бұндай көршілестік үнемі пайда әкеле бермейді. Үй жануарлары да ауырады. Олардың арасында адамға жұғатын аурулар да бар. Әсіресе, кез келген ветеренариялық клиника өткізетін алдын алу тексерістерін елемеген жағдайда. Барлық жануарлар – кезбе және үй жануарлары – адам ауруының қайнар көзі болуы мүмкін. Адамдарды қапқанда, тері зақымданғанда және өз жануарларын жай ғана сипағанда және олармен ойнағанда жұқтырып алуы мүмкін. Үй жануарлары ауыратын анағұрлым кең тараған кейбір аурулар.
Сіздің үйіңізде жануар бар болса, оны жүйелі түрде алдын алу тексерістен өткізу үшін ветеринарға көрсету өте маңызды. Сырқатты болмасаңыз және үй жануарыңыз өзін тамаша сезінсе де, есте сақтаңыз: жануар ауру тасымалдаушысы болуы мүмкін. Сіздің жануарды мұқият бақылауыңызға көп нәрсе байланысты, қарсы жағдайда денсаулыққа зиян келтіру түзелмейтін болуы мүмкін.
Ветеринариялық клиника мұндай мәселелерден сақтануға көмектесе алады. Барлық қажетті анализдерді тапсырып, үй жануарыңыздың денсаулығы туралы толық ақпаратты білуге болады. Қажет болған жағдайда, емдеу және алдын алу курсын қабылдай аласыз. Әрине, көбісі адамның өзіне – үй жануарының иесіне байланысты болады. Егер үй жануарын тиісті жағдайда күтпесе, ол кез келген аурудың туындауы үшін жақсы орта болады, оның ішінде адам үшін қауіпті аурулар да бар.
Барлық нормаларды сақтаған кезде ғана жануар алаңдаушылық емес, қуаныш пен пайда көзіне айналады. Ал ережелерді сақтау мүлдем қиын емес. Егер күшік асырасаңыз, оған міндетті түрде барлық қажетті екпелерді жасаңыз.
Ең қауіпті иттер төбелестіретін және күзететін тұқымдылар – питбультерьерлер, терьерлер, догтар, ротвейлерлер. Егер Сіз мұндай ит асырауды шешсеңіз, ерекше абай болу керек.
Кез келген жағдайда, үй жануарын асыраған кезде, оның иесі ретінде қабылдайтын жауапкершілікті түсіну және үйреткендеріміз үшін жауапты екенімізді ұмытпау қажет.
Қарапайым сақтық шараларын орындаған кезде, Сіздің төрт аяқты достарыңыз Сізді қапа қалдырмайды. Олар Сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп, күйзелісті шешеді, Сізді қуантады.
08 ақпан 2018 ж. 1 676 0