Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорыл деген не?

Қорыл деген не?


Қорыл - созылмалы ауру.

Көбіне қорыл обструкциялық апноэ ұйқы синдромының себепшісі болып табылады: ұйқыда тыныстың тоқтауы және жиі тістерін қайрауы. Мұндай кідірістің ұзақтығы бір түнде 4 сағатқа дейін немесе одан ұзаққа созылуы мүмкін. Нәтижесінде - оттегінің жетіспеушілігі, ұйқышылдық ауру, жиі болатын бас ауруы, ашушаңдық, шашыраңқылық... Ауыр жағдайда – жүрек аритмиясының әр түрлі формасы, инфаркт, миокард, инсульт және ұйықтап жатып, кенеттен өлу. Бірақ бұл туралы ойламаған жөн.

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мининстрлігінің сомнологиялық орталығының директоры Яков Левин, адам ұйқысына қарап, қаншалықты ұзақ өмір сүретінін аныұтауға болатынын айтады: неғұрлым аз ұйықталса, соғұрлым өмір қысқарады, себебі организм қалпына келіп үлгермейді.

Сондай-ақ, қорыл әсерінен дене салмағы артуы мүмкін. Сондықтан, жақсы нұсқаушылар жаттығу кезінде дұрыс тыныс алуға ерекше көңіл бөледі. Организмге оттегі жетіспеушілігі тиісінше май қабаттарының жиналуына себепші болады. Егер сәл анатомияға тереңдесек, қорыл процесі тарылған жұтқыншақ қабырғаларының дірілдеуі кезінде пайда болады. Жұтқыншақ қабырғаларын өз тонусында ұстап тұратын таңдай мен тіл бұлшық еттері босаңсып, жұтқыншақ тарылады. Кейбір адамға бұл дем алуға кедергі болады. Қазір сергек кезіңізде, өз қорылыңызды өзіңіз жасап көріңіз. Дем алудың қиынға соққанын сезіп тұрсыз ба? Ауа тіпті дерлік жетпейді. Және осы күйде адамдар тәулігіне 7-8 сағаттан болады.

Қорыл көбінесе белсенді ғұмыр кешпейтін жасы үлкен адамдарда болады: табиғи қартаю кезінде бұлшық еттер әлсізденіп, ұйқы кезінде тыныс жолдарын ұстап тұра алмайды.

Қорыл айтып кеткендей, қашанда дерлік жас шамасына байланысты емес, артық салмақты адамдарда болады. Мойын тұсын бүркейтін, май, тыныс жолдарына қосымша салмақ түсіреді.

Қорылдың себебі тумысынан болған кемшіліктер болуы мүмкін: мұрын жолдары мен жұтқыншақтың тарлығы, мұрын түймешегі мен көмей бездерінің ісуі, жөнді тістемеу де. Басқаша айтқанда, созылмалы қорыл болса, бір нәрсенің дұрыс болмауы деген сөз.

Бірлі-жарым қорылдың көрінісі алкоголь мен стресс әсерінен пайда болуы мүмкін, екі жағдайда да ұйқы уақытында организм түгелімен өшіп, бұлшық еттерді қалпында ұстау жағдайында болмайды.

Қалай емдейміз?

Операцияға үмітсіз жағдайда ғана келісу қажет. Қорыл – бар болғаны организміңізде бір нәрсе дұрыс еместігіне куә болатын жай ғана синдром. Ол әдеттегі стресс, қимылсыздық, тамақ пен алкогольдің мөлшерден артық қолданылуы.... Егер емделуші бұрынғы тұрмыс жағдайын өзгертпейтін болса, операция ешқандай да панацея болмайды. Қорылға иогомен, жүзумен, шығыс тыныс практикаларымен айналысу жақсы профилактика бола алады. Оған қоса, кешкі жетіден соң тамақтанудан бас тарту және де өз рационынан алкогольді шығару, оның ішінде сыраны татпау қорылдан арылуға көмектеседі.

Қорыл жайлы бірнеше фактілер

* Ұйықтар алдында ән айту – қорылға жақсы профилактика. Тіпті караокеде "МузАртқа" қосылып ән айту таңдай бұлшық еттерінің қатаюына мүмкіндік туғызады. Бастысы – ауызды кеңінен ашып, дауыс желбезегі мен таңдай бұлшық еттерін күшейте, жігермен әндету.

* Қорылдың дауыс қаттылығы 85 децибелге дейін жете алады, ал бұл бар болғаны реактивті ұшақтан 1,5 есе ғана төмен. Сонымен қорылдап жатқанның өзі ештеңе естімейді.

* Күйеуі қорылдайтын әйелдер есту қабілетінен ерте айрылады: әуежайда ұйықтау, бір бөлмеде қорылдайтын адаммен бірге ұйықтағанмен бірдей.
31 желтоқсан 2017 ж. 1 723 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 15:57
Cytotec Pas Cher Donde Comprar Viagra En Londres Kamagra En Ligne Avis online pharmacy Isotretinoin Skin Health Contact Rayhhealthcare

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 17:58
Compre Viagra buy generic cialis online Cialis Online 5 Mg Amoxicillin 500 Tablets Levitra Posologie