Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әйелдің нәзіктігін жоятын не нәрсе?

Әйелдің нәзіктігін жоятын не нәрсе?

Әйелдің нәзіктігі жөнінде ақпаратты reactor.inform.kz ұсынады.
Әлеуметтік белсенділік
 
Әйелдің әлемді өзгертуге, қоғамның гүлденуіне ат салысуға тырысуы жақсы-ақ. Бірақ әйелдер алтын аралықты, яғни, «әйел-отбасы-әлеумет» аралығын білуі тиіс.
 
 Сыртқы ортада көп жүру
 
Әйел адамға өз күйзелісін жеңу үшін қарым-қатынас жасайтын адамды сырттан, бөтен ортадан емес, өзінің достары мен отбасынан іздегені дұрыс.
 
 Қызықсыз жұмыс
 
Жұмыс адамға ләззат сыйлауы керек. Өз-өзін шыңдай алса, қабілетін дамытуға мүмкіндік берсе құба-құп. Себебі жұмыс күндері өмірдің тең жартысын алады.
 
Ерлерге тән шаш үлгісі
 
Ұзын шаш – қыз-келіншектің сәні. Десек те, күні бүгін екінің бірінде қолаң шаш жоқ. Лажы болса қысқа шашыңызды белгілі бір жарасымды үлгімен қидырыңыз.
 
Өз-өзіне қарамау

Жүйке жұқарту, күйзеліс әйелдің денсаулығы мен көңіл-күйіне жағымсыз әсер етеді. Сол себепті денсаулығыңыз бен тәніңізге көңіл бөліңіз.
 
Эмоционалды тоқырау
 
Әйел – эмоционалды құбылыс. Әйел әлдекімді жақсы көргенде, махаббатқа бөленгенде көзі бал-бұл жанады. Сондықтан асқан салқынқандылық әйел затына аса жараспайды.
 
Жасампаздықтың болмауы

Шығармашылықпен шұғылданыңыз. Сүйікті хобииіңізді қолға алыңыз.
 
Билікке ұмтылу
 
Отбасы мен жұмыстың екі ортасындағы орталықты табыңыз.
 
Жанжал
 
Агрессия әйелдің әрін кетірмесе, әдемі етпейді.
 
Ерлердің жүгін көтеру
 
Үйде болсын, түзде болсын ер азамат істейтін жұмысты өзіне қалдырыңыз. Балға мен шеге сынды құрал-сайманның бірін де қолыңызға алмаңыз.
01 қараша 2019 ж. 959 0