Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » СҰЛУЛЫҚ ПЕН ЖЫЛЫЛЫҚ ӘЙЕЛДЕ!

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ЖЫЛЫЛЫҚ ӘЙЕЛДЕ!

*Әйел - отбасының шырағы! Жарқырап жанып тұрған шыраққа махаббатпен қараған еркек-нағыз еркек.

* Әйел көп сөйлейді.Себебі әйелде жақсы ой көп. Ойы іске асқан сайын әйелдің сөзі азая береді. Әйелім көп сөйлемесін десең, алдын-ала ойын оқып қой да, соған сай әрекет ет.

*Әйел ренжіген күні үйден береке кетеді. Берекеден айырылғың келмесе,әйелді ренжітпе!

*Әйелді төмендетпе! Әйеліңді төмен ұстасаң, перзентің ынжық, жасқаншақ болады.

* Әйелін бағалай білген еркектің ел алдында абыройы артады,еңсесі көтеріңкі жүреді.

* Әйел-нәзік гүл ! Оны баптап күте білсең,үйіңнен күніге жұпар иісі аңқып тұрады.

* Әйелдің бетіне әжім түскенімен, жүрегіне әжім түспейді.

*Әйелмен айтыспа!
Оны тыңдап,қолдап,қорғай біл.
Жеңіс сенде болады!

* Әйелді ұрма,соқпа,тілін шығарасың. Тілі шыққан әйел тікенекке айналады...

*Әйел өте сезімтал жан.Сезгенін айтса,сенімсіздік танытпа.

* Туысқаныңмен жақындататын да әйел, алыстататын да әйел.Ағайынмен татулық - әйелдің тілінде .Тәтті тілі табыстырады,зәрлі тілі шағыстырады.

*Әйелдің жүрегі жамандықтан тілінеді. Тілінген жүректі жамағанмен тыртығы қалады. Есі бар еркек әйелінің жүрегін сау қалпында ұстайды.

* Әйелдің жанын түсінгің келсе,теңізге түс,терең тұңғиығына көз сал,толқындарымен ойна.

* Сұлулық пен жылылық әйелде!
Сұлулығына тамсанып,жылылығынан қуат аласың. Әйелді бағалай біл! Өмірді жайнататын да,қара қазанды қайнататын да әйел!

Қазақ әйелі! Бақытты бол!
Сенің көзіңнен бір тамшы жас көргім келмейді. Жаныңда басыңды бағалай білетін жан болсын!
Фатима ЗАБУРАҚЫЗЫ.
02 наурыз 2019 ж. 3 277 0