Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗДАРҒА ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚ ЖАРАСАДЫ?

ҚЫЗДАРҒА ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚ ЖАРАСАДЫ?

Көптеген мамандық әйел адам не ер адамға лайық деп бөлінбейді. Әйел адамдар ердің ісін, ерлер әйелдің ісін жасай алатыны бәрімізге мәлім. Алайда кейбір қызметті ерлерден гөрі әйел адамдар жақсырақ атқарады. 

✔  Бүгінде әйел адамдар істей алатын қандай қызмет сұраныста?

✔  Аспансерік, яғни «стюардесса» мамандығы. Бірнеше сағаттық жолда жолаушыларға қызмет көрсетіп, әр адамды назарынан тыс қалдырмайтын жолсерік мамандығы үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, бизнес-кластың қызметкерлерінің қызметі оңай емес.

✔Дәрігер, медбике. Егер дәрігерлік қызметті әйел адам атқарса, емделуге келген науқас өзін жайлы сезінеді екен. Себебі әйел адам тек дәрігер емес, психолог та бола алады. Ал балалар әйел дәрігерді анасындай қабылдап, сенеді. Ұзақ уақыт емделіп жатқан науқастар өздеріне күтім жасайтын медбикелермен етене танысып, «дос» болып алатыны да бәрімізге мәлім.

✔ Әртіс мамандығы. Адамдар қай дәуірде болсын сұлулықты мойындаған. Көздің жауын алатын арулар кино, шоу-бизнес, жарнама саласында қызмет етіп, ақша табады. Әртістік қызмет оңай емес екені бәрімізге мәлім. Үнемі өзіне күтім жасап, денсаулығын қадағалап жүру керек. Әрі бұл салада табысқа жету үшін біраз уақыт керек.

✔ Хатшы, кеңсе менеджерінің қызметі. Кез келген табысты кәсіпкер жақсы, ұқыпты көмекшіні іздейді. Жұмыс берушілердің 80 пайызы жас қыз-келіншектерді таңдайды. Неге деген сұраққа олар әйел адам аса ұқыпты, жауапкершілігі мол, өз міндетін уақытында орындай алады деп жауап берді.

✔ Есепші (бухгалтер) қызметі. Бұл іске де көбіне әйел адамдар алынады. Әрі бұл қызметті атқару үшін 4 жыл ЖОО-да емес, жақсы курстарға барып оқып алуға болады.

✔ Бренд-менеджер мен тауар бойынша арнайы маман. Бұл қызметке сұраныс өсіп келеді. Компаниялар штатқа жақсы бренд-менеджер іздейді. Бұл мамандық иесі сатып алушыларды белгілі бір тауар маркасына үйретіп, сауданың жақсы жүруін қадағалайды.

miss.inform.kz
14 ақпан 2019 ж. 1 180 0