Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік!

Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік!

Жол көлік оқиғаларының себепшілерінің бірі - балалардың жолда жүру ережесін білмеуі.

Жолда жүру ережелермен балаларға таныстыру, есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру – ересек адамдардың негізгі міндеті. Қарапайым ережелерді сақтау, Сіздің балаңыздың өмірін сақтап қалуға кепіл. Олар:

1.Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт.

2. Жолдан өтерде алдымен солға, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.

3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт.

4. Егер, жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.

5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.

6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.

7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.

8. Жолда жүргенде құлағындағы құлаққапты алып таста, жүргенде мұқият бол!

Г.Жаналиева,
"Қызылорда облыстық салауатты
өмір салтын қалыптастыру орталығы"
Сырдария ауданы бойынша маманы
18 қазан 2019 ж. 1 370 0