ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

Жалпы, Қ.Бөдеев мөлтек аудандағы басты көше болғандықтан көлік көп қатынайды. Таң атысымен шаруашылық техникалары да осы жолмен жүреді. Бұл мектепке баратын оқушыларға қауіпті болатын. Осы мәселе шешімін тауып, жол жиегінен жүргіншілер жолы төселді. Бұл халыққа, оның ішінде оқушыларға қолайлы болды. Бұған тұрғындар ризашылығы шексіз екені сөзсіз.
О.Мәлібаев мөлтек ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жүсіпбайұлы тұрғындардың тротуар салу ұсынысы шешім тауып келе жатқанын айтты. Мектепке дейінгі жүргінші жолы түзу салынып, халыққа қолайлы жағдай жасалғанын тілге тиек етті.
Айта кетейік, жаяу жүргіншілер жолы құрылысын мердігер «Абишева» ЖК жүргізді. Жоба құны 2,5 млн. теңгені құрады.
Е.БЕРКІНБАЕВ