Қандай жағдайда атаулы әлеуметтік көмек берілмейді?

Бұл туралы «Хабар» арнасындағы «Большая неделя» бағдарламасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК басқармасының басшысы Аяжан Жанғабылова айтты, – деп хабарлайды 24.kz
«Адамдар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға келген кезде олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Олардың біліктілігі мен білімі сұралады. Егер еңбекпен қамтудың электронды биржасында бос орындар болса, оған сол кезде-ақ жұмыс ұсынуы мүмкін. Одан кейін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайды.
Тиісінше сол кезде әлеуметтік келісімшарт жасалады», - деді ол. Айтуынша, келісімшарт бұзылған жағдайда отбасындағы барлық адамдар атаулы әлеуметтік көмектен айырылады. «Біз жұмыс ұсыну арқылы өзінің отбасын, балаларын асырау мен әлеуметтік қамтамасыз етудегі жауапкершілікті арттыруды көздейміз», - деді Аяжан Жанғабылова.