Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп кетті: не болғанын министр түсіндірді

Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп кетті: не болғанын министр түсіндірді

Сыртқы қарыз жекеменшік банктерді қоса алғанда 57 миллиард 700 миллион доллар болды

Бюджет тапшылығы мен теңгенің құлдырауы Қазақстанның сыртқы қарызын арттырып жіберді. Былтыр шетелге мемлекеттік берешек 1 триллион 883 миллиард теңгеге көбейген.

Қаржы министрлігі елдің қарызы 15 триллион 387 миллиард теңгеге жеткенін мәлімдеді. Оған үкімет пен Ұлттық банктің және жергілікті әкімдіктердің қарыздары кіреді, деп хабарлады КТК.

Дегенмен қаржы министрі қорқатын ештеңе жоқ дейді. Өйткені мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 60 пайызға дейін рұқсат етілген. Ал қазіргі көрсеткіш 26 пайызға жуық. Бірақ Қазақстан нақты қай елге қарыз екені айтылмады. Жалпы сыртқы қарыз жекеменшік банктерді қоса алғанда 57 миллиард 700 миллион долларды құрап отыр. Ол 5 жарым миллиард долларға азайған.

"Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемі бекітілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 2017 жылдың көрсеткішінен 5,1 миллиард долларға азайып, 19,7 миллиард доллар болды", - деді қаржы министрі Әлихан Смайылов.

sputniknews.kz
22 мамыр 2019 ж. 986 0