Алакөлде құны 1 жарым млрд теңгелік қонақүй салынбақ
Былтыр Алакөлдің Шығыс Қазақстан облысындағы жағалауына 700 мыңға тарта турист келіп демалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл бұл көрсеткіш бір миллионнан асады деген болжам бар. Сондықтан көл жағасын көркейтіп, заманауи демалыс орындарын салу қарқынды жүре бермекші. Ол үшін мемлекет қазынасынан бөлек, кәсіпкерлер қаражаты да инвестиция ретінде құйылмақ. Солардың бірі – құны 1 жарым миллиард теңге болатын 4 жұлдызды қонақүй, 230 миллион теңге тұратын сауық-сайран орталығы. Сонымен қатар 50-ден астам кәсіпкер өз жобаларын дайындап, жер телімдерін алуға өтініш беріп отыр. Жағалауды бекіту жұмыстары да алдағы жазда қолға алынады.
Серік Зайнулдин, Үржар ауданының әкімі:
– 4,5 жұлдызды қонақүйлер, мейрамханалар салуға арнайы жер телімдерін қарадық. Біз ол жер телімдерін 60 гектар жерге инфрақұрылым тартуға жобалар жасап жатырмыз. Келешекте сол жер үлкен кәсіпкерліктің орталығы болады деген жоба бар.
Пікір 2