Көлік салығын қай уақытта төлеу керек?

Көлік салығын төлеу мерзімінен асып кеткен жағдайда төлеу мерзімінен кейінгі әр күнге ҚР Ұлттық банк бекіткен қайта қаржыландырудың ресми бағамының 1,25% мөлшерінде өсімақы есептелініп, Салық кодексінің 128-бабына сәйкес заң жүзінде шаралар қолданылып, салық төлеушіден салық берешегін мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларға жолданады.
Сот орындаушылардың өндірісіне алынған салық бұйрықтары арқылы салықтан берешігі бар азаматтардың ҚР аумағынан сыртқа шығуға тыйым салынып, сонымен қатар жеке мүлкіне ауыртпалық қойылып, банк есепшоеттарына да шектеу қойылатындығын, ай сайын алатын зейнетақысынан, жалақысынан өндірілетіндігін ескертеміз.
Салық төлеу әрбір Қазақстан Республикасы азаматының міндеті екенін ескерте отырып, барлық аудан тұрғындарын белсенді түрде 2024 жылғы төленетін көлік салықтары бойынша есеп айырысуға шақырамыз.
Т
уындаған сұрақтар бойынша және берешектері жайлы мәліметті Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан Сырдария ауданы,Тереңөзек кенті Қ.Қазантаев көшесі, №4 мекен-жайы арқылы алуға болатындығын хабарлайды.
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Фото: Ашық дереккөзден