2026 жылдан бастап зейнетақы қорынан ақша алғандарға салық салынбайды
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыға салық салынбайды. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынатын төлемдерге 10% мөлшерінде жеке табыс салығы (ЖТС) салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.БЖЗҚ хабарлағандай, бұл норма 2025 жылдың соңына дейін қолданыста болады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес:
- БЖЗҚ-дан төленетін барлық зейнетақы түрлерінен жеке табыс салығы ұсталмайды;
- Бұл өзгеріс сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) де қатысты (мысалы, тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге алынатын қаражат);
- Бұған дейін БЗТ алып, салық төлеу міндетін кейінге қалдырған азаматтар да 2026 жылдан бастап ЖТС-тен толық босатылады.
Жаңа өзгерістер Қазақстан резиденті болып табылатын азаматтарға қатысты. Ал елдің резиденті болып саналмайтын тұлғаларға бұл жеңілдік қолданылмайды.
Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»











