Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық кодексінің талаптарын түсіндіру туралы мәжіліс өтті

Салық кодексінің талаптарын түсіндіру туралы мәжіліс өтті

Руханият орталығында салық заңнамасындағы өзгерістер мен Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің талаптарын түсіндіруге арналған мәжіліс өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ахетов, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ғани Аманов және жауапты сала мамандары, кәсіпкерлер мен тиісті мекеме өкілдері қатысты.

Кездесу барысында салық төлеушілердің құқықтары мен салық заңнамасында көзделген талаптарды сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ғани Мырзағабылұлы жаңа талаптарға тоқталып, салық төлеушілер тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық міндеттемелерін орындау барысында туындайтын мәселелерді заң аясында шешу жолдары айтылды.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары салық түсімдерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, кәсіпкерлер мен тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 қыркүйек 2026 ж. 62 0