Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар бағамы күрт төмендеді

Доллар бағамы күрт төмендеді

KASE биржасында 10 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы 450,79 теңге болды. Осылайша бір тәулікте 5,82 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел аумағындағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 447-448 теңгеден сатып алынып, 450-451 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 520-522 теңге, сату бағамы 526-530 теңге аралығында қалыптасты. Ал ресей рублі 5,15-5,2 теңгеден сатып алынып, 5,23–5,29 теңгеден саудаланып жатыр.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 454,46 теңге болды.

Сурет: istockphoto.com



10 қыркүйек 2026 ж. 604 0