Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 56 газет

16 шілде 2024 ж.

№ 55 газет

13 шілде 2024 ж.

№54 газет

10 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Салық төлеушілерді санаттаудың негізгі өлшемшарттар туралы не білеміз?

Салық төлеушілерді санаттаудың негізгі өлшемшарттар туралы не білеміз?

Қазіргі таңда, ақпараттық және инновациялық технологиялар жаңарған сайын салық, кеден жүйесіндегі бақылау мен әкімшілдендіруді жетілдіруге байланысты өзгерістер де күн санап дамып келеді, деп жазады Kyzylorda-news.kz.

Бизнеске қолайлы, сапалы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін, кірістер органдарымен жылма – жыл салық және кеден саласын цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, ұдайы жетілдіріліп келеді.

Елімізде 2019 жылдан бері жұмыс жасайтын әділеттілік принципіне негізделген салықтық бақылауға арналған Тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі артып келеді. Бұл жүйе салық төлеушілерді санаттау арқылы ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалана отырып, заң бұзушылықтың деңгейі жоғары аймақтарға назарды шоғырландырып, салықтық міндеттемелерді ерікті түрде орындатуға негізделген.

Санаттарға бөлу автоматтандырылған режимде орталық деңгейде салық төлеушілердің қызметін тәуекелдің үш дәрежесінің біріне жатқызу жолымен жүзеге асырылады: төмен, орташа және жоғары.

− Жалпы санаттарға бөлу ҚР Салық кодексінің 136, 137-баптарына «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы минстрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүргізіледі. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне қағидалармен бекітілген ашық критерийлерде, жария етуге жатпайтын жабық критерийлерде әсер етеді. Бұл тізбе мен олар бойынша есептеу алгоритмнің «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар және таратылуы шектелген қызметтік ақпарат болып табылатындығына байланысты, − дейді сала маманы А.Бегайдаров.

Тәуекел дәрежесін жоғарылататын, яғни теріс өлшемшарттарға мыналар жатады: салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы, салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету, бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын азайта отырып, қосымша декларацияны табыс ету жолымен салықтарды төлеуден жалтару белгілері бар салық төлеушілер, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпеу, салық төлеуші ҚР ҚМ МКК сайтында орналастырылған сенімсіз салық төлеушілердің тізімінде тұр" өлшемшарттары.

Ал салықтық мониторингке қатысу, астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы" өлшемшарты салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, салық төлеушінің стандартты тексеру файлын қолдануы, салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы, үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану, виртуалдық қойма модулін қолдану өлшемшарттары тәуекел дәрежесін төмендететін, яғни оң өлшемшарттары болып табылады. Кері әрі оң әсер ететін өлшемшартқа салықтық жүктеме жатады.

−Салық төлеушінің қай тәуекел дәрежесіне жатқызылғаны жөнінде мәлімет ҚР ҚМ МКК http://kgd.gov.kzресми сайтындажәне «Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасында қол жетімді. Салық төлеушілерді ақпараттандыру оларды санаттарға бөлу жүргізілетін тоқсанына бір рет өзектендіріледі. Сондай-ақ, салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген кезде, тәуекел дәрежесі (деңгейі) төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі (деңгейі) айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады. Ал ТБЖ қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсеткіштер, салық төлеушіге "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасы арқылы жіберіледі, − дейді А.Бегайдаров.

Айта кетсек салық төлеушілер құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымша арқылы түсініктемені өз бастамасы бойынша жолдайды. Сонымен қатар құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады. Одан бөлек, мүмкін болатын тәуекелін бағалау үшін, салық төлеушілер өз жеткізушілері бойынша тәуекелін бағалау барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында көрсетілген деректерді қолдана алады.

Бұл ретте санаттау салық төлеушінің сатып алуды жүзеге асыру және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасу кезіндегі қызметін шектемей, тек салықтық әкімшілендірудің жекелеген бағыттары бойынша шараларды саралауды көздейтініне назар аударылады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар өткізу барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бойынша біліктілігі іріктеледі, онда табысы, төлеген салығы, негізгі құралдары, еңбекақы төлеу қоры секілді көрсеткіштер ескеріледі.
12 маусым 2024 ж. 64 0