Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табиғи газбен толық қамту – басты талап

Табиғи газбен толық қамту – басты талап

Табиғи газдың игілігін кент тұрғындары бірнеше жылдан бері көріп келеді. Аудан орталығы Тереңөзек кентіндегі көпшіліктің қолы көмір тасып, отын жарудан босағалы қашан?! Бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жалғасын тауып, көршілес жатқан ауылдық округтерді де газдандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Жоспарлы жұмыстар аудан әкімінің және тиісті сала мамандарының тұрақты бақылауында.

Тереңөзек кентіне табиғи газ келгеннен кейін жақын орналасқан елді мекендердің де «көгілдір отынның» игілігін көруі заңдылық. Тұрақты жұмыстардың нәтижесінде кент орталығынан кейін іле Қалжан ахун ауылына табиғи газ берілді. «AMANAT» партиясының «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдық округке газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу жобасына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл елді мекенді газдандыру жұмысы аяқталып, ауыл толық газдандырылды. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Осы орайда қазіргі таңда аудан бойынша газдандыру көрсеткіші 35 пайыз­ды құрап отырғанын айта кету керек.

– Ауылдық жерлер мен шағын аудандарда да қаладағыдай қолжетімді жағдай жасау – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл жұмыстар бойынша нақты тапсырма да жолға қойылып отыр. Осы ретте аудан орталығынан бөлек ауылдық округтерді газдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұған дейін бірнеше жыл бұрын кент орталығы толық газдандырылса, былтырдан бастап Қалжан ахун ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп келеді. Қазіргі таңда А.Тоқмағамбетов және С.Сейфуллин ауылдарына табиғи газ жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда тиісті қаржы бөлініп, газ құбырлары тартылып, мердігер мекеме жұмысқа кірісіп кетті. Қос елді мекеннің газдандыру жобасын толық аяқтауға қажетті қалған қаражат үшін бюджеттік өтінім ұсынылды. Аталған өтінімге сәйкес облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылу күтілуде. Бұл ауылдар толықтай газға қол жеткізсе, ауданымызда газдандыру көрсеткіші елу пайызға жуықтамақ. Одан кейін Шаған, Н.Ілиясов, Ақжарма, Бесарық ауылдарын табиғи отынмен қамтамасыз ету бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда, – дейді Сырдария аудандық газ шаруашылығы директоры Е.Есенгелді.

Айта кетейік, ауданымызды газдандыру жобасы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдар­ламасына енген. «Ауылдық жердегі тұрмыс қалалық деңгейге мүмкіндігінше жақындап, ал аймақтық стандарттар жүйесі қайта қаралуы керек» делінген партияның бес жылға бекітілген бағдарламасында. Осы орайда қазіргі таңда ауылдық округтерді көркейту, онда қаладағыдан кем емес жағдай жасау негізінде тың бастамалар жүзеге асып келеді. Ал газдандыру жобасына орай атқарылып жатқан жұмыстар аймақ, аудан басшысының тұрақты бақылауында. Өз кезегінде аудан әкімі негізгі жұмыстарды ұдайы бақылауда ұстап, елді мекендерді газдандыру маңызды екенін, тұрғындар асыға күтіп отырғанын атап, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін ескертіп отырады. Сондай-ақ аудандық партия филиалы тарапынан партиялық бақылау бекеті орнатылған. Аудандық партия филиалының бақылау комиссиясы мүшелері жобаның орындалу барысын назардан тыс қалдырмай, тұрақты түрде партиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
08 маусым 2024 ж. 161 0