Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Табиғи газдың игілігін көретін күн алыс емес

Табиғи газдың игілігін көретін күн алыс емес

Қалжан ахун елді мекенінің тұрғындары табиғи газдың қосылуын асыға күтуде. Осыған байланысты аудан әкімі Берік Сәрменбаев газдандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуін тұрақты назарға алған. Бүгін де Қалжан ахун ауылына барып, жұмыстардың барысын көрді.

Мердігер мекеме – "Ремстрой" ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды атап көрсетті. Бүгінде ауылішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, Тереңөзек кенті мен Қалжан ахун ауылы арасындағы жоғары қысымды газ құбырлары жалғанған. Қазіргі таңда газ реттеу пунктерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарының табиғи газдың игілігін көретін күн алыс емес. Сондықтан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жұмыстардың сапасын назарға салды.

Сонымен қатар аудан әкімі Қалжан ахун сағанасының қайта жаңғырту жұмыстарымен де танысты. Одан бөлек, Тереңөзек пен Қалжан ахун ауылы арасындағы жолдың жөндеу жұмыстарын көріп, сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
07 қазан 2023 ж. 380 0