Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Баға тұрақтылығы басты назарда

Баға тұрақтылығы басты назарда

Кеше аудан әкімі Б.Сәрменбаев кенттегі бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізді. Жалпы аудан орталығында азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, тапшылық жоқ.

Аудан басшысы ең алдымен халық күнделікті тұтынатын нан, сүт, ұн, көкөніс, қант секілді өнімдердің қоры мен бағасымен танысып шықты.

Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді, алайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауға тиіс.

Аудан әкімі сауда орындарында бағаны негізсіз өсірмеу үшін сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.
26 шілде 2023 ж. 443 0