Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » М.Ергешбаев: Бағаны негізсіз көтеруге жол жоқ

М.Ергешбаев: Бағаны негізсіз көтеруге жол жоқ

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев кенттегі бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізді. Жалпы аудан орталығында азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, тапшылық жоқ.

Ең алдымен «Серікбол» сауда орталығында болған аудан басшысы халық күнделікті тұтынатын нан, сүт, ұн, көкөніс, қант секілді өнімдердің қоры мен бағасын бақылап шықты.

Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді, алайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауға тиіс.

— Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Басты мақсат - халықты сапалы және қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Айта кетейін, бағаны негізсіз көтеруге жол жоқ, — деді Мұрат Нәлхожаұлы.

Мұнан соң аудан әкімі дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры мен бағасын қарап шықты. Аталған дәріханалар бағаны негізсіз өсірмеу үшін сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
26 маусым 2022 ж. 367 0