Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жалпыға бірдей декларациялау" ережесі сала мамандарына түсіндірілді

«Жалпыға бірдей декларациялау" ережесі сала мамандарына түсіндірілді

Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына қарасты салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Ж.Сұлтанбекова "Жалпыға бірдей декларациялау" бойынша бірнеше мекеме қызметкерлеріне арнайы семинар өткізген болатын.

Аудандық ветстанция, аудандық архив, аудан әкімі аппаратының, аудандық музей, мәдениет үйі қызметкерлері семинарға қамтылды.

Негізінен, аудан көлемінде "Жалпыға бірдей декларациялау" бойынша жұмыс жүйелі жүргізілуде. Сала мамандары аталған бағдарма негізінде жасалуға талап-міндеттерді саралап айтып берді. Сонымен қатар декларацияла кезінде ескерілетін ережелер түсіндірілді.

– Қазіргі уақытта ауданға қарасты барлық мекеме қызметкерлері "Жалпыға бірдей декларациялау" барысын жіті түсініп, белсенді тапсыруда. Өз кезегінде салық мамандары бірнеше мекеме мамандарына семинар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын белсенді атқаруда. "Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация" 250.00-нысанды салық есептілігін тапсыру мерзімі 2024 жылдың 15-ші қыркүйекке дейін екенін ұмытпаған жөн. Себебі, мерзімді уақытта кешігуге болмайды, – деді сала маманы.

Аталған түсіндірме жұмыстарын сала мамандары аудан көлемінде кәсіпкерлерге де, түсіндірді.

Аудандық қызметкерлеріне "Жалпыға бірдей декларациялау" бойынша семинар өткізіп, жекелеген сұрақтарына жауаптар берілді.
11 сәуір 2024 ж. 89 0