Жалпыға бірдей декларациялау: 2023 жылы не өзгереді?
Елімізде жалпыға бірдей декларациялауға көшу кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Оған толықтай көшу 2025 жылға дейін төрт кезеңді қамтитын болады.
Алдымен жалпыға бірдей декларациялаудың мәні мен маңызына тоқталып өтейік. Басты мақсат – әлеуметтік саясатты жетілдіру, көлеңкелі экономиканы қысқартуды қамтамасыз ету. Сондай-ақ қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты төмендету мен бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету де декларациялаудың қажеттігін көрсетеді. Жалпыға бірдей декларациялауға кіру кезінде жеке тұлғалар декларацияның өзінен және оған алты қосымшадан тұратын жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны ұсынуы қажет. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда жыл бойындағы алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару туралы мәліметтер мен ел аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктік шоттардағы ақша, мемлекеттен тыс жердегі мүліктер түгел көрініп тұрады.
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған болатын. Бұл кезеңде декларациялауға жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары және осы санатқа теңестірілген адамдар мен жұбайлары жатқызылды. Сондай-ақ алғашқы кезеңде белгілі заңдарға сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар да қамтылды.

Биыл жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Жаңа жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылатынын да атап өткеніміз жөн. Қазіргі таңда көптеген қызмет түрін онлайн түрде алу жағы жақсы қарастырылған. Бұл өз кезегінде керекті қызметті үйден шықпай-ақ орындауға болатын ұтымды мүмкіндік. Осы ретте, «Электрондық үкімет» порталында «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды. Биыл аталған декларацияны 2021 жылы, яғни бірінші кезеңде, декларациялау жүйесіне кірген тұлғалар тапсырды. Декларацияны электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» және «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасы арқылы да тапсыруға болады.
Ал үшінші кезең 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер үшін декларациялау енгізіледі. Ал 2025 жылдың басынан бастап азаматтардың қалған санаттарын декларациялауды енгізу жоспарлануда. Бұл кезеңде декларациялау барлық қазақстандық тұрғындар үшін міндетті болмақ.
Айта кетейік, 2019 жылы Мемлекет басшысы декларациялауды енгізуді 2021 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы заңға қол қойған еді. Ал бастапқыда декларацияны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсыру жоспарланған болатын. Өзгеріске сәйкес, аталған мерзімнен бастап жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Аружан Мұханбетқали