Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік телеарна 117 миллионды медициналық сақтандыруға жұмсамақшы

Мемлекеттік телеарна 117 миллионды медициналық сақтандыруға жұмсамақшы

117 миллионнан астам мемлекет қаржысы мемлекеттік телеарна қызметкерлерін элиталық медициналық сақтандыруға жұмсалады.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ қызметкерлерін элиталық медициналық сақтандыруға 117 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалмақ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қазақстан» РТРК» АҚ; сипаттамалары – ауру кезіндегі медициналық сақтандыру қызметтері; сомасы – 117 296 130 теңге» делінген мемлекеттік сатып алу сайтындағы лот сипаттамасында.

«Қазақстан РТРК» құрамына Qazaqstan, Qazsport, Balapan, Abai tv, Қазақ радиосы, Шалқар радиосы, Астана радиосы, Классик радиосы және облыстық телерадиокомпаниялар кіреді.

Техникалық шарттарға сәйкес сақтандыру 782 қызметкер мен олардың отбасы мүшелерін қамтиды. Бұл жағдайда 17 қызметкер VIP пакетті, ал қалғандарының барлығы Elite пакетін алуы керек.

Яғни, Elite пакеті бойынша бір қызметкер мен оның отбасы үшін жылына сақтандыру сомасы 2,5 миллион теңге, VIP үшін – 3,5 миллион теңге болады.
18 ақпан 2024 ж. 165 0