Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биыл Ақмола облысында 5,4 миллион гектарға тұқым себіледі

Биыл Ақмола облысында 5,4 миллион гектарға тұқым себіледі

Биыл Ақмола облысының диқандары 5,4 миллион гектар жерге тұқым себуді жоспарлап отыр. Аймақта науқанды белгіленген кестеге сай жүргізу үшін қажетті дайындық шаралары қазірден басталып кетті.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленовтың айтуынша, заманауи техниканы қолдану егіс сапасын қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өндірісіне нақтылы егіншілік элементтерін енгізуге және жаңғырту үшін негіз жасауға мүмкіндік береді.

«Биыл облыс диқандары 5,4 миллион гектар жерге тұқым себуді жоспарлап отыр, оның 400 мың гектары майлы дақылдары, 340 мың гектары мал азығы, 4,7 мың гектары картоп және 350 гектары көкөніс. Жұмыс кестесіне сәйкес облыста 20 жұмыс күні ішінде дәнді дақылдарды егу жоспарланған. Биыл тұқым себу науқанына 15 мыңнан астам трактор, 16 мыңнан астам астық сепкіш және 1,5 өнімділігі жоғары егіс кешені жұмылдырылады. Қазіргі кезде өңірде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті ауыл шаруашылығы техникаларының 83 пайызы дайын», - дейді Еркеш Әленов.

Айтуынша, өңірде көктемгі егіске қажетті 536,8 мың тонна тұқым қажет болса, қазір оның 436,6 мың тоннасы немесе қажетті тұқымның 81 пайызы қолда бар. Қалғаны 19 пайызы азық-түлік корпорациясы және элиталық тұқым шаруашылықтары арқылы сатып алынбақшы. Бұған қоса, шаруашылықтарды жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мәселесі де жіті назарда.

«Облысқа көктемгі егіс үшін 82,5 мың тонна жанар-жағар май бөлінді, оның 1 литрі 250 теңге тұрады, яғни былтырғы жылғы шамадай. Қазіргі кезде, 17 жеткізіп беруші оператор анықталып отыр. Жалпы, биыл қардың жылдағыдан көп түсуін ақмолалық шаруалар жақсы ырымға балап отыр. «Көктемнің бір күні жылға азық» деген қағиданы естеріне мықтап ұстап, көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты әзірлікпен келуді мақсат тұтуда», - деп толықтырды Еркеш Әленов.

Айта кетсек, өткен жылдың күзінде ақмолалық диқандар 3 миллион тонадан астам астық жинаған болатын.


Фото:baribar.kz
11 ақпан 2024 ж. 138 0