286 млн долларға сатып алды
«Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнын қазақстандық кәсіпкер, «Allurauto» компаниясының негізін қалаушы Андрей Лаврентьев басқарады. Бұл туралы ресми жарияланып, министрлік тарапынан ақпарат таратылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорны басшылық жасағанда орын алған апаттық жағдайлар халыққа да, кәсіпорынға да үлкен шығын келтіретінін атап өткен болатын. Осы ретте іс халықаралық сотқа жүгінбей, екі тараптың келісуімен шешілгені елді қуантты.
Айта кету керек, 30 мыңнан астам қызметкері бар 8 көмір шахтасы, 4 зауыт, Кармет комбинаттың зертханасы, цехы және басқа да еншіліс кәсіпорындары бар үлкен кешенді қазақстандық кәсіпкер 286 млн долларға сатып алды.

Тағы да жақсы жаңалық ретінде Арселор Миттал «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге аударатынын айтуға болады. Бұл қомақты қаржы Қарағанды облысын дамыту мен өңірдің әлеуметтік маңызды жобаларын сапалы жүзеге асыруға жұмсалады деп жоспарлануда.
Жалпы, Қазақстан Үкіметі мен «Арселор Миттал Теміртау» арасындағы келісімді тарихи мәміле деп атауға болады. Себебі бұл шешім елімізде әділеттілік орнату жолындағы маңызды қадам болды.
«Тт» ақпарат