Қосылған құн салығы есебіне тіркеу

Сонымен қатар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне мерзімінен кеш тіркелгені үшін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 269-бабы 3-тармағына сәйкес айыппұл қарастырылған. Нақты айтқанда, 50 айлық есептік көрсеткіш түрінде және осы кодекстің 275-бабы 5-тармағына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде есепке қойылмаған кезең ішінде айналым жасау есепке қойылмаған кезең үшін айналым сомасының 15% мөлшерiнде айыппұл төлейді.
Осыған байланысты ҚР Салық Кодексінің 82-бабы 4-тармағының талаптарының сақталуына камералдық бақылау жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлік қызметіңіздің табыс сомасы 64455362 теңгені құрап отырғандығы анықталады.
Күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда (69000000 теңге) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне мерзімінде есепке тұру қажеттігін назарыңызға саламыз.
Сырдария аудандық кірістер басқармасы
Фото: ашық дереккөзден