Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Энергетика министрлігіне жаңа міндеттер жүктелді

Энергетика министрлігіне жаңа міндеттер жүктелді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне бірқатар жаңа құзырет беруді көздейтін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform.

Үкімет қаулысында жазылғандай, ведомствоға мына функциялар берілді:

– ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

– табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;

– сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

– өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

– өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалануға қажетті көлемдердегі сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекітеді;

– сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алады және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Қаулы қол қойылған күннен, яғни 12 қазаннан бастап күшіне енді.

Фото: primeminister.kz
16 қазан 2023 ж. 358 0