Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазақстанда тауарлық газ 15%-ға қымбаттайды

Қазақстанда тауарлық газ 15%-ға қымбаттайды

Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады. Оған сәйкес тауарлық газдың шекті көтерме бағасы орта есеппен 15%-ке өседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Министрлік газдың қымбаттауына газды жеткізудің өзіндік құнының өсуіне байланысты екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы халық үшін 22,06 теңге/м3 құрайды. Тауарлық газға шекті көтерме баға 15%-ке өскен кезде тұрғындар үшін бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңге/м3 құрайды", - деп мәлімдеді энергетика министрлігі.

Сондай-ақ тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 миллиард текше метрден 2022 жылы 27,8 миллиард текше метрге дейін төмендеген. Ал ішкі нарықта тауарлық газды тұтыну 2019 жылы 15 миллиард текше метрден 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 миллиард текше метрге дейін өсіпті. Бұл да тауарлық газдың қымбаттауына әсер еткен.

Бұйрық жобасы өңірлерді газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып көтеріледі.

Биыл 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусым аралығында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасі бекітіледі. Заңнамаға сәйкес шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15%-тен аспайды.

Құжат 15 мамырға дейін бекітіледі.
30 сәуір 2023 ж. 448 0