Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада сұйытылған мұнай-газ мәселесі назарда тұр

Қызылордада сұйытылған мұнай-газ мәселесі назарда тұр

Қызылорда облысы үшін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 60 теңгені құрайды. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендерде 65 теңгеден босатылуда. Өңірдегі сұйытылған мұнай-газ көлемінің бүгінгі ахуалы туралы ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

«Қызылорда облысында 20 кәсіпкерлік субъектісі сұйытылған мұнай-газды сатумен айналысады. Облысқа сұйытылған мұнай-газын электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізуге арналған жоспарға сәйкес тамыз айына 7 351 тонна сұйытылған мұнай-газ бөлінді. Қыркүйек айында «Атырау «НПЗ» мен «СНПС Ақтөбеймұнайгаз» ЖШС-терінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жалпы республика бойынша бөлінетін сұйытылған мұнай-газ көлемі қысқартылды. Қазіргі уақытта «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нен бекітілген кесте бойынша сұйытылған мұнай-газ жеткізілуде. «СНПС Ақтөбемұнайгаз» ЖШС-нен газ жеткізу уақыты 5-6 күнді құрайды, – деді облыстық энергетика және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ералыұлы.
09 қыркүйек 2022 ж. 616 0