Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі айдан аз уақыт қалған қызметкер қажет болған жағдайда мемлекеттік органның және олардың ведомствалық бағынысты ұйымдарының кадр қызметіне көрсетілген құжаттарды, HR ENBEK-ке еңгізу үшін құжаттарды ұсынады.
Кадр қызметінің қызметкері HR ENBEK-ке жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін Алгоритімнің 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардан қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізеді.
Зейнетақы төлемдерін проактивті нысанда тағайындауға келісім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. SMS-хабарламаға жауапты күту мерзімі SMS-хабарлама жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күнен аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күн ішінде жауап болмаған жағдайда, қызмет көрсету процесі проактивті нысанда аяқталады. 1414 нөмірі бойынша берілген SMS-хабарламаға үлгіге сәйкес жауап жазылуы қажет.
С.ЕЛАМАНОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» КЕ АҚ-ның
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» КЕ АҚ-ның
Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінің басшы
Фото: ашық дереккөзден