Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

Әлем

Күннен қуат алатын көлік

Күннен қуат алатын көлік

15 қыркүйек 2019 ж.
Даяшының орнына –  робот

Даяшының орнына – робот

15 қыркүйек 2019 ж.
Ең әдемі ару

Ең әдемі ару

13 қыркүйек 2019 ж.
Ешкі жұтқан жылан

Ешкі жұтқан жылан

04 қыркүйек 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 газет

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 газет

10 қыркүйек 2019 ж.

№ 69 газет

07 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Зейнет демалысына қалай шығуға болады?

Зейнет демалысына қалай шығуға болады?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, – деп хабарлайды .
Аталған пилотты жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қол қойды. Жоба әзірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнет жасына жететін қызметкерлерін қамтиды. Бүгінде корпорацияда 22 мың қызметкер еңбектенеді.
Зейнеткерлікке шығу барысында дәстүрлі түрде ХҚО арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау мемлекеттік қызметтері рәсімделеді. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі болмайды.

Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданады. Келісім берілген жағдайда, кадр бөліміне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттік органның мақұлдауына жіберіледі.

Айта кетейік, зейнеткер жұмыс берушісінің кадр бөліміне алдын ала еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы сияқты мәліметтерді ұсынады, бұл ақпарат, өз кезегінде, еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі.

Аталған әдіс арқылы мемлекеттік корпорацияның екі қызметкері зейнеткерлікке шығып үлгерді. Тиісті смс-хабарламаларды алғандардың қатарында астаналық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Райхан Жолдықұлова мен Ақмола облысы филиалының жер кадастры бөлімінің қызметкері Любовь Шестаева бар.

«Корпорациямыз цифрлық жаңашылдықтардың үнемі басы-қасында жүреді. Бірақ дәл осы зейнеткерлікке шығу жобасының алғашқы қатысушысы боламын деп ойламаппын. Зейнет жасына жеткенде қаншама құжаттың машақаты барын білемін. Барлығы смс-пен шешілгеніне қуаныштымын», - дейді зейнеткер Райхан Жолдықұлова.

Пилоттық жоба қорытындысы бойынша оның өзге мекемелерге таралуы бойынша шешім қарастырылады.
04 қыркүйек 2019 ж. 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам