Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ауғанстанның бизнес-делегациясы Астанаға келді

Ауғанстанның бизнес-делегациясы Астанаға келді

Кеше Астанаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. 

Делегацияны әуежайда ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды. 

Қонақтар қатарында Ауғанстанның Орталық банкінің басшылары, ірі жеке меншік банктердің, «Да Афганистан Брешна Шеркат» (DABS) энергетикалық компаниясының, «Афган телеком» (AfTel) телекомуникациялық компаниясының, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы палатасының, сауда-инвестициялық палатасының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, фармацевтика, өнеркәсіп, көлік-логистика, инженерлік, тоқыма және басқа компаниялардың өкілдері бар.

Айта кетсек, бүгін, 2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтеді. 3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, ал 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі (EXPO, Конгресс-орталық) ашылады. Көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлар ұсынылады.

Фото: ашық дереккөзден
02 тамыз 2023 ж. 348 0