Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда»: Көрмеге 120-дан астам кәсіпкер қатысуда

«Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда»: Көрмеге 120-дан астам кәсіпкер қатысуда

Кеше Қызылорда облысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация мүшелері ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысып, «Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда» атты 2 күндік күріш көрме-жәрмеңкесіне қатыспақ, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Алдымен Үкімет басшысының орынбасары Сырдария ауданындағы «Мағжан и К» ЖШС күріш ақтау және тұз өндіру зауыттарының жұмысымен танысты. Заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған және бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылатын кәсіпорын азық-түлік тауарларының бірқатар түрін шығаруда.

Әрі қарай Серік Жұманғарин «Абай-Даулет» ЖШС күріш зауытын және күріш сататын арнайы дүкенін аралады. «Жан Арай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінің қуаттылығы 4000 тонна қойма құрылысымен танысты.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары күріш көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Көрме-жәрмеңкені республика көлемінде күріш бағасын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Сауда және интеграция министрлігі бірлесіп ұйымдастырған. Оған барлық облыс әкімдерінің салалық орынбасарлары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация төрағалары және ел өңірлерінен 120-дан астам кәсіпкер қатысуда.

Көрмеден кейін Серік Жұманғарин мәжіліске қатысып, Қызылорда облысының бизнес-қауымдастығы өкілдерімен кездеседі.

Ертең Үкімет делегациясы Сыр өңірінің су шаруашылығы нысандарына барып, «Абзал және К» ТС күріш алқабын аралайды. Сондай-ақ Н.Ілиясов ауылының абаттандыру жұмыстарымен, әлеуметтік нысандарымен танысады деп жоспарлануда.
25 маусым 2023 ж. 393 0