Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жиырма бір мың теңге біз үшін едәуір көмек – Аралдық көп балалы ана

Жиырма бір мың теңге біз үшін едәуір көмек – Аралдық көп балалы ана

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 35 мыңнан астам көп балалы ана бар. Бүгінгі таңда 20 мыңнан аса отбасының тұрмыстық жағдайы зерделеніп, әлеуметтік карта жасақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
 Ағымдағы жылға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 9 жарым миллиард теңге бөлінді. Одан бөлек республикалық қазынадан 5 миллиардтай теңге қосымша сұраныс берілді.
Арал ауданының тұрғыны Рая Мырзабаева 7 баласына 150 мың теңгедей атаулы әлеуметтік көмек алады. Алтын алқа иегерінің айтуынша, мемлекеттен берілетін бұл жәрдемақы қолға тигелі бері бала-шағаның киімін бүтіндеп, қарнын тойдыру жеңілдеп сала берген көрінеді. 13 жыл кесек құйып, өткен жылы «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 600 мың теңге алып, асхана ашқан көп балалы ана өкіметке қол жая бермей, тырбанып тірлік істеу керектігін айтады.
«Түскі уақытта 40 адамға, кешке бәрін қосқанда 50-60 адамды ыстық тағаммен қамтамасыз етемін. Қалай еңбек етесің солай наныңды табасың. Балаларым қиналып жатқан жағдай жоқ. Енді-енді біз бизнес баспалдағын бастадық. Беріліп жатқан 21 мың теңге ақша бізге өте көп көмек», - дейді Арал ауданының тұрғыны Рая Мырзабаева.

Аспаз Рая секілді аралдық 2 мыңдай көп балалы ана атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отыр. Оларға жыл басынан бері жарты миллиард теңгене жуық қаржы төленген.
«Шартты дегеніміз еңбекке жарамды 18 жастан асқандарды жұмыспен қамту болып табылады. Ал шартсыз ақшалай көмек тағайындалған азаматтар олар бала күтімінде, асыраушысынан айырылған, жұмысқа тұрғызуды талап етпейтін азаматтар. Шартты ақшалай түрі тағайындалған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамту аясында 348 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылды», - дейді Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Әділжан Өтегенов.


15 шілде 2019 ж. 786 0