Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, өткен жылы Қазақстанда 403,9 мың бала дүниеге келді, ал 2021 жылы 446,4 мың бала туған, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылы туған сәбилердің 51,5%-ы ұлдар, 48,5%-ы қыздар.

Бұл ретте жаңа туған нәрестелердің басым бөлігі (241,4 мың бала немесе 59,8%) қалаларда туған, қалған 162,4 мың бала - ауылдық жерлерде (40,2%) туған.

2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,57 құрады, 2021 жылы ол 1000 адамға шаққанда 23,50 болған.

Бала туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкентке (27,13) байқалады.

Туудың ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 10,96), Қостанай (12,42) және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,96) тіркелді.
24 сәуір 2023 ж. 169 0