ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ
2018 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 785,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 347,2 мың (44,2%), ауылдықтар – 437,9 мың адамды (55,8%) құрады. 2017 жылғы 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 11,4 мың адамға немесе 1,5% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 3141 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,8% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 24,62 туылғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-ақпанда облысы халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 192 адамға немесе 8,6% артты, 2418 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,95 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 723 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 6,1% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,67 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-ақпанда облысында 1 жасқа дейінгі 29 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 11,5% көбейды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,23% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-ақпандагы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 6357 адам кетіп, облысқа 5953 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 16,5%, ал облыстан кеткендер саны 27,2% азайған.
Алыс және жақын шет елдерге 9 адам (2017 жылғы қаңтар-ақпанда - 4 адам), республиканың басқа облыстарынан 1357 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1843 адам келген болатын.
Облыстан 1759 адам немесе жалпы көлемнің 27,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-ақпанда тиісінше 3439 адам немесе 39,4% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 11 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-ақпанда 7 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанда 404 адамға, 2017 жылғы қаңтар-ақпанда 1599 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 4587 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-ақпанда – 5284 адам).
Пікір 2