Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарты жылда Қазақстаннан 17 мың адам кетіп қалған

Жарты жылда Қазақстаннан 17 мың адам кетіп қалған

2018 жылы алты айдың ішінде Қазақстаннан 17 171 адам кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 26,5 пайызға кеміп, 6 368 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 14 пайызға көбейіп, 17 171 адам құрады, көші-қонның айырымы -10 803 адам болды", - делінген хабарламада.

 Ведомство мәліметінше, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 77,2 пайзы, ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,7 пайызды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,9% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы: Астанада - 5 748 адам; Алматыда - 17 715 адам; Шымкентте - 43 222 адам.  "2018 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 272,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 10 529,1 мың (57,6пайыз), ауылдықтар - 7 743,3 мың адамды (42,4 пайыз) құрады. 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 192,7 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,26 туылғандарды құрады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 2018 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,3 мың адамға немесе 2,7 пайызға көбейіп, 125,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,89 адамды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,8 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,1 пайызға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,37 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейінгі 1 626 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,3 пайызға көбейді. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-маусымда 782 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 48,1 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 328 немесе 20,2 пайыз, тыныс органдары ауруларынан -124 немесе 7,6 пайыз, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан - 86 нәресте немесе 5,3 пайыз және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 73 немесе 4,5 пайыз нәресте қайтыс болды.  2018 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,44 құрады.
15 тамыз 2018 ж. 1 017 2

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 18:33
Acheter Du Kamagra En France where to buy cialis online safely Alternative Medicine To Antibiotic Cephalexin

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 22:18
Tamoxifene tadalafil cialis from india Diflucan Online Order Is Amoxicillin The Same As Penicilin Chlamydia Keflex