Астана тұрғындарының саны бес айда 40 мыңға өскен
Бүгін Ұлттық экономика министрлігінің статистика бойынша Статистика комитетінің департаменті 2018 жылдың бес айындағы Астана қаласының демографиялық ахуалы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2018 жылдың 1 маусымында Астана тұрғындарының саны 1045137 адамды құраған. Былтыр осы уақытқа сәйкес кезеңде қала тұрғындарының саны 42263-ке 4,2%-ке көбейген.
2018 жылдың 1 маусымында Астана тұрғындарының саны 1045137 адамды құраған. Былтыр осы уақытқа сәйкес кезеңде қала тұрғындарының саны 42263-ке 4,2%-ке көбейген.
«2018 жылдың қаңтар-мамыры аралығында Астана қаласында 11890 босану фактісі тіркелген. Туудың жалпы кэффициенті 1000 адамға шаққанда 27,42 тууды құраған. Осы кезеңде қалада 1719 адам қайтыс болған. Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 3,96 қайтыс болған адамды құрайды», - деді Статистика комитеті.Биыл қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі 2017 жылмен салыстырғанда 474 адамға көбейген.
«Халық арасында өлім себептерінің ішінде негізгілері олар – қан айналымы аурулары 33,6%, ісік аурулары 21,9%, тыныс алу мүшелерінің аурулары 8,6%, қайғылы оқиғалар, тамақтан улану және жарақат алу 9,2%», - деді Департаментте.2018 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығында Астанаға 35370 адам келіп, 30981 адам кеткен.
Пікір 2