Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Елімізде азық-түлік бағасы 2,4%-ға қымбаттаған

Елімізде азық-түлік бағасы 2,4%-ға қымбаттаған

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

7-14 ақпан аралығында бағалар 0,3%-ға, ал жыл басынан бері 2,4%-ға өсті.

Мәселен, күріш бағасы өткен жылы 44,8%-ға өсті. Баға 2021 жылдың тамызында өсе бастаған. Қазақстанның Ұлттық банкі бұған себеп ретінде Ресей тарапынан сұраныстың артқанын атап өтті.

«Азық-түлік тауарларының арасында Ресей тарапынан сұраныстың артуына байланысты нан-тоқаш өнімдері мен жармалар, оның ішінде күріш бағасы қымбаттады. Елдің оңтүстік аймақтарындағы салқындау жеміс-көкөніс өнімдерінің қымбаттауына әсер етті», делінген Ұлттық банкі таратқан хабарламада.

2022 жылы Қазақстанның күріш экспортынан түсетін табысы 36,9%-ға, яғни 52,9 млн-ға дейін ұлғайды. Айта кетсек, Қазақстанда өндірілген күріштің әрбір төртінші тоннасы Ресейге сатылды.
19 ақпан 2023 ж. 434 0