Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ауыз сумен қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр?

Ауыз сумен қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр?

Аудан бойынша тұрғындарға ауыз су жүйесі 100 пайыз қамтылған. Дегенмен, «Арал» СЖКБД Сырдария аудандық филиалымен бірлесіп жүргізілген зерделеу жұмыстарына сәйкес 2006 жылдан бастап салынған Тереңөзек, Шаған, Аманкелді, Қоғалыкөл елді мекендерінде ауыз су құбырларының тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет ететіндігі анықталған. Бүгінгі күні Іңкәрдария елді мекеніне 1 дана, Шаған елдімекеніне 1 дана, Тереңөзек кентіне 1 дана су мұнараларын сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда 3 дана су мұнараларын сатып алу мақсатында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2023 жылға республикалық бюджеттен қаржыландырылуға Тереңөзек кентіндегі 10 көшенің, Шаған, Аманкелді, Қоғалыкөл елді мекендерінің 10 көшелеріне ауыз су құбырларын жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Бүгінгі күнге республикалық бюджетке қаржыландыру мақсатында мамандар тарапынан өтінімдер ұсынылып, қаржыландырылуы күтілуде.


Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
11 қаңтар 2023 ж. 438 0