Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорған аудандық білім бөліміндегі аудиторлық іс-шара нәтижесі

Жаңақорған аудандық білім бөліміндегі аудиторлық іс-шара нәтижесі

Қызылорда облысы бойынша ішкі  мемлекеттік аудиті департаменті «Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің «Исатай Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  2022 жылдың 11 ақпанында аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аудит барысында, Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінің   97-бабы 6-тармағының, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 272-бабының және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434 Заңының  талаптары сақталмау салдарынан әлеуетті өнім берушілермен жасалған келісім-шарттарға сәйкес міндеттемелер уақытылы орындалмау орын алып, толығымен жеткізілмеген тауарларға қаржы аудару фактісі бойынша жалпы 4 218,1 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілер міндеттемелерін толық орындамағаны үшін  мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 пайыз мөлшерінде жалпы сомасы 14,6 мың теңгеге аудитор тарапынан тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есептелді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей  Өнім берушіні сотқа мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз берілмегені анықталды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабына сәйкес жауапты тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды және Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес аудиторлық тексерістің материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 14.02.2022 жылы қарауға және процессуалдық шешім қабылдау мақсатында жолданды.
29 қыркүйек 2022 ж. 250 0